Сәннің перспективалық бағыты

Киім – адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеңінде тігін бұйымдарды өзгеріске ұшырап отырады. Киім адам үшін сыртқы ортаның әсерінен қорғаныс пен жылыну құралы ғана емес. Бұл адамның беделінің, қоғамдағы дәрежесінің бірден-бір көрсеткіші.

Тігіншілер мен сәнді дизайнерлер жылдан-жылға мыңдаған киім түрлерін ойлап шығаруда. Соның арқасында әр адамның өз бейнесін өзгертіп, біркелкі болып қалмауына мүмкіндігі бар. Алайда киімнің осындай түрлілігі арасында әр адам өзіне тән стиль таңдайды.

Стиль (ағылш. style) сөзінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары тарихи негізделген, жалпы белгілері, тұрақты образ жүйелері деген мағына жатыр. Әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді және дамып отырады. XX ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлық стильдер қалыптасып, орын тапты. 1940 жылдары АҚШ – та сәнді костюм үлгісінде «кантри» , «вестерн» стильдер, 1950 жылдары «нью лук», «шанель», 1960 ж. «космостық» , 1970 ж. «романтикалық», «ретро», «спорттық», «джинсылық», «диффузиялық», «сафари», 1980 ж. «жаңа классика», «жаңа барокко», 1990 ж. «гранж», «гламур», «нео – хиппи», «милитари» т.б. үлгілері пайда болып отырды.

Сән механизмінің белсенділігі әсіресе мәдениет саласында, түптеп келгенде, костюм дизайнында көрініс табады. Әр еуропалық тілде сән – мода сөзінің аналогі бар: латынша «modus» (өлшем, әдіс, ереже), французша «mode» , итальянша «moda» , немісше «mode», ағылшынша «mode» және «fashion».

Сән – белгілі бір қоғамдық ортада қандайда бір көзқарастың, тұрмыстың сырт формасына, әсіресе, костюмге қысқа мерзімді үстемдігі.

Киім − қоғамның күнделікті көріністерінің белгісінің бірі, өмірдің немесе мәдениттің белгілі бір саласында белгілі бір мәдениетінің аз уақытқа дәуірлеп тұруы. Киімнің басты талаптары жыл ішінде түрлі елдердегі дизайнер, технолог, конструктор мамандарының шеберлігіне, ізденістеріне талаптарына және сол елдің климат, даму қоғамдық жағдайларына байланысты өзгеріп отырады [3].



Сәнді киіну тек сәнді киім тіктіруден тұрмайды, яғни өзінің стиліңді талғамы мен формаңды таба білу керек. Киім бағытындағы жаңалықтар мен өзгерістерді сөзсіз қайталау жақсы да әсем көрінбейді. Қайта жеке қырларың мен талғамыңды көрсету сән өнерінде аса жоғары бағаланады.

Бүгінгі перспиктивті киімнің бағыты көптеген стильдерге орын береді, оның ішінде классикамен қатар дәстүр мен сәнділік минимализм жоғары технологиямен этникалық мативтер және көптеген бағыттар кіреді. Киімнің басты критерияларына функционалдық, ыңғайлылық қасиеттері ең бастысы болып табылады.

Қыздар мен әйелдер гардеробында болуға тиісті киімдердің бірі – көйлек. Көйлек − иық бұйымдарына жатады. Ол Х ғасырда Римде пайда болған. Көйлек латын сөзінен аударғанда «кию» деген мағынаны береді. Көйлекке үлгі таңдаған кезде мынадай жағдайларды ескеру керек: − көйлек қай бағытқа арналып тігіледі

-күнделікті

-жұмысқа

-мерекелік кешке

-демалысқа

Көйлектер де уақыт өте заман талабына сай стилі, силуэті мен түсі жағынан өзгеріп отырады. Көктем мен жазда қызғылт сары, көгілдір, көк түсті қоспалар ерекше актуальды болмақ. Жаңа маусымда киім дизайнерлері табиғаттың түстері: жасыл, мөлдір, алтын түстер сәнде болмақ дейді (1 сурет). Биылғы жаз мезгілі киім сөресін жаңартқысы келетін аруларға өте тиімді дейді стилист мамандар. Себебі өткен жылдағыдай емес, жапсырма қалталары жоқ көйлектер сәнде. Ақ, сары, қызыл, ал қызыл, көгілдір түсті киімдер. Жаз үшін биыл қанық көгілдір түстің де орны ерекше. Оған ақ немесе қара жолақ түсуі де артық емес. Ал олардың формасы әр алуан. Бірінің етегі төгілген жинақы болса, екіншісініңкі трапеция үлгісінде болуы мүмкін. Ал ұзындығы өз талғамыңыздың еркінде. Дегенмен тізеден сәл ғана төмен немесе сәл ғана жоғары көйлектер жыл сәні. Ақ көйлектер де биылғы жаздың таңдауы [4].



Сурет 1. Жаздық көйлектер

Әлемге әйгілі «Instituto Marangoni Paris» дизайн мектебінің дизайнерлерінің «көктем - жаз 2015» топтамасында классика мен заманауи стильді біктірген, романтикалық бейне.

Топтама ассортиментінде көйлектер, белдемшелер, кеудешелер, жакет пен көктемдк пальто бар. Аталған модельдер түрл суреті бар жаккард матадан тігілген. Топтаманы тігу барысында ақ, көк, ақшыл көк түстер пайдаланылған

Қазан айында Mercedes – Benz Fashion Week – сән апталығы өтті. Аталмыш шара Қазақстандық сән индустриясының дамып келе жатқанының бірден - бір дәлелі. MBFWA - да Сергей Шабунин, Айгүл Қасымова, Аида Кауменова сынды дизайнерлер өз топтамаларын ұсынды.

Нью - Йорк, Лондон, Миланнан кейін белгілі дизайнерле, модельдер Парижге жиналды. Бұл қалада атақты сән үйлері ұсынған 2015 жылдың көктем - жаз үлгілері көрсетлуде. Стелла Маккартнидың жібек көйлектері, Эли Саабтың сән үлгілері және Givenchy француздық сән үйінің негізін салған Рикардо Тишидің топтамалары көрсетілді.

Торлы матадан тігілген киімдер 2015 жылдың көктемгі басты принттерінің бірі бодлып отыр. Атақты Altuzarra, Michael Kors, Diane von Furstenberg сән үйлері көктем - жаз топтамаларын ұсынып қойған.

Испандық «Mango» бренді 2014 – 2015 жылдарындағы күз – қыс маусымдарына арналған жаңа топтамасын ұсынды. Mango дизайнерлері күздік спорттық стиль мен 60 жылдардағы гранж элементтерін байланыстырған. Жаңа топтамаға ұзартылған жакет, денимнен жасалған жейде, трикотаждан тігілген көйлек, трапеция белдемше кірді. Осы маусымда сарафандар сәнде болды. Motivi ұсынған жазғы бейнелер этникалық стиль шеңберініен алыстамауды ұсынады [5].

Ретро стилі, бірнеше маусым бойы өзекті болып келді. Дизайнерлер 20 - шы, 40-шы, 60-70-ші жылдардыің стилімен шабыттанып, жаңа көйлек үлгілерін ұсынған болатын. Осы маусымда әсіресе миди сарафандар өзекті. Көктем - жаз 2014 маусымында ірі торлы жинақы пішімдегі көйлекиерге сәнде болды. Жаңа маусымда дизайнерлер кең пішімді, артық әшекейсз әшекейді ұсынды. Көйлек футболка типтес үлгілерді ұсынады. Көйлек футболка типтес үлгіде жасалып, суреттермен безендірілуі мүмкін.

Дизайнерлер кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер үшін «Escada» үлгісін ұсынса, күнделікті тұрмысқа ретро стиліндегі « Levi’s» көйлектерін таңдауға кеңес береді.

Сән әлемінде есімі тарихқа айналған дизайнерлердің бірі Коко Шанельдің сән саласындағы төңкерісі – кішкентай қара көйлек. Ол қоғамда бұрын тек қазалы киім саналатын қара түстің кешкі киімге әсемдік қоса алатынын көрсетті. Кішкентай қара көйлек әр сәнқой арудың гардеробында болуға тиіс. Әр маусымда актуалды, ресми, әрі романтикалық кездесуге кияге болатын әмбебап киім үлгісі. Классикалық стильде пішілген қара көйлектің сыртынан дұрыс таңдалған пиджак кию кеңсе стилінің әсерін берсе, түрлі аксессуарлар қолдана отырып салтанатты кеш көйлегіне айналдыруға болады (2 сурет).

Сурет 2. Кішкентай қара көйлек

Ал, «Dolce & Gabbana» сән үйі осы маусымда нәзіктік пен пәктікті көшбасшылыққа алды. Бұны олардың көрсетілімдерінен байқауға болады. Қолданған маталары көбіне ақ түсті жеңіл, нәзік және жұмсақ болса, атақты Dior сән үйінің дизайнерлері табиғи түстерді (жасыл, сары, көк, қызыл) пайдалана отырып тігілген ұзын етекті, мөлдір әрі жеңіл матадан тігілген көйлектер коллекциясын ұсынды.

Күнделікті өмірде жиі қолданылатын көйлектер қыздар мен әйелдер гардеробының маңызды элементінің бірі. Жаңа маусымда түрлі стильдерде және әр алуан материалдардан тігілген күнделікті көйлектер актуалды болмақ. Бұл көйлектер ыңғайлылығымен қатар сәнді болуы керек және әртүрлі бағыттарда қолданылады (3 сурет). Мысалы, шифон матасынан тігілген көйлектеді немесе сафари стиліндегі сарафандарды көктем мен жаздық серуенделерге кисе болады. 2014 – 2015 жылдары геометриялық суреттері бар (төртбұрыш, ромб, сызықты т.б.) күнделікті көйлектермен қатар ақ, ашық қоңыр түсті киімдер сәнде болмақ.

Күнделікті көйлектер нақты критерилер бойынша таңдалынады:

- пайдалану (көйлекті қандай бағытта қолданады);

- ыңғайлылық;

- үлгі (фасон). Күнделікті көйлек тым ашық және қынамалы болмауы керек;.

- тұтынушының кемшіліктерін жасырып, артықшылықтарын айқындау.

Сурет 3. Қыздарға арналған күнделікті көйлектер үлгілері


6093850314569911.html
6093882789169415.html
    PR.RU™